Университет қызметкерлері стипендиат атанды
Жаңа жыл қарсаңында халықаралық «Болашақ» бағдарламасының конкурсына университет қызметкерлерінен сегіз үміткер қатысып, оның ішінде алтауы стипендиат атанды.
- А.Мусина, фармакология кафедрасының доценті — PhD-«500 ғалым» ғылыми тағылымдама, Израил, Israeli Center for Contemporary Medical Research.
- Б.Кемелбеков, қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы — ғылыми тағылымдама, Израил, Israeli Center for Contemporary Medical Research.
- М.Курманалина, терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшісі — «500 ғалым» ғылыми тағылымдама, Израил, Israeli Center for Contemporary Medical Research.
- А.Дарменкулова, фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы — «500 ғалым» ғылыми тағылымдама, University of Reading, Англия.
- Г.Жұмалиева, психология кафедрасының аға оқытушысы — «500 ғалым» ғылыми тағылымдама, АҚШ, University of ILLINIOS.
- А.Сарина, гистология кафедрасының аға ғылыми қызметкер — «500 ғалым» ғылыми тағылымдама, АҚШ, University of ILLINIOS.
Стипендиат атанған университет қызметкерлерін шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!