Байқау жеңімпаздары марапатталды
Университетіміздің студенттері «Vita. Media. Наука» атты адам денсаулығының бұзылу қаупінің алдын алу саласындағы денсаулық сақтау мәселелерін дамытуға бағытталған халықаралық байқауға қатысты. Жарыс Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында 20 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясының Омбы қаласындағы мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтті. Студенттеріміздің ғылыми-шығармашылық жұмыстары түрлі номинациялар бойынша ұсынылып, мазмұн жағынан ғана емес шығармашылықтарымен де ерекшеленді.
Мақалалар форматында «Тұрмыстық, спорттық және әскери жарақаттарды оңалту және профилактикасы» номинациясы бойынша стоматология мамандығының 1-курс студенті Рахымжан Байлауовтың «Тұрмыстық, спорттық және әскери жарақаттарды оңалту және профилактикасының кейбір психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері» атты мақаласы І орынды иеленді.
ІІ орынды интерактивті, әлеуметтік бейнероликтер форматында ұсынылған стоматология мамандығы 1-курс студенттерінің бірнеше топтық жұмыстары иеленді. «Бұзақылықтың алдын алу және қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру» номинациясы бойынша Рахымжан Байлауов пен Саид Жайлиннің жұмыстары, «Балалар мен жастардағы зиянды әдеттердің алдын алу» номинациясы бойынша Айша Алитурлиева мен Нұрай Оралбекованың бейнеролигі, «Жастар арасындағы цифрлық және гаджеттік тәуелділік мәселелері» номинациясы бойынша Медет Оңдасынов, Нұрбек Әмірғалиев, Азиза Мараттың жұмыстары үздік деп танылды. Жеңімпаз жұмыстардың ғылыми жетекшісі PhD докторы, психология кафедрасының доценті Малика Книсарина.
Университет ректоры Әсет Қалиев байқау жүлдегерлерін құттықтап, дипломдар табыстады