Кәсіптік бағдар

Қабылдау комиссиясының мамандары А.Тулебаева, М.Злдеева кәсіби бағдар беру мақсатында Атырау қаласы мен Атырау облысының аудан орталықтарына барды. Университет өкілдері облыс орталығының 28 мектебінде болып, мектеп бітіруші оқушыларымен кездесті.

Кездесуде университет, тарихы, оқыған және еңбек еткен белгілі тұлғалар, білім беру бағдарламалары, оқу орнының жетістіктері туралы бейнефильмдер мен презентациялар көрсетіліп, ҰБТ-дағы жаңашылдықтар және т.б. айтылды. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойды.

Қабылдау комиссиясының мамандары медициналық колледж түлектерімен кездесті. Олар негізінен колледжден кейінгі қысқартылған оқыту мәселелеріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ жатақханада, академиялық ұтқырлық, психометриялық тестілеу және т.б. айтылды.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қолдау көрсеткен Атырау қалалық білім бөлімінің өкілдеріне алғысымызды білдіреміз.