Үздік бейнеролик байқауы

10 қараша-25 желтоқсан аралығында «Бейбіт атом» тақырыбында үздік бейнеролик байқауы өтті. Конкурсты «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды.

Конкурсқа гистология, жаратылыстану ғылымдары, биохимия және медициналық химия, патологиялық анатомия және қалыпты физиология кафедраларының студенттік ғылыми үйірмелерінен 13 студент қатысып, 2-орынды жалпы медицина факультеті 230-группаның студенті, қалыпты физиология кафедрасы, «Физиолог» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшесі Нұрлат Қарабалин иеленді (ғылыми жетекшісі, м.ғ.к., доцент А.Қалдыбаева).

Жетістіктеріңіз құтты болсын!