Университет ректорының Жаңа жылдық құттықтауы
Құрметті әріптестер, қызметкерлер, ардагерлер, студенттер, резиденттер мен докторанттар!
Жаңа жыл уақыты үмітпен, қорытындылаумен және болашақ қызметті жоспарлаумен ерекше. Университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес, белгілі бір мақсаттарға қол жеткізілді, міндеттер орындалды, бұл университеттің одан әрі қарқынды дамуына серпін береді.
Біздің бірлескен жұмысымыз, нәтижелерге, оқытудың жоғары деңгейіне, ғылыми жетістіктерге, студенттік өмірдің барлық салаларындағы жастардың жетістіктері университеттің еліміздің жоғары медициналық оқу орындары арасында өзінің лайықты орнын сақтауға көмектеседі. Университет имиджін арттырудың бірден-бір дәлелі, ағымдағы жылы білім алушылардың 7200-ге дейін көбеюі.
Тарих пен дәстүрді сақтай отырып, жаңа бағыттарды жетілдіріп, дамытуды одан әрі жалғастыра береміз. ҮИМББ бағдарламасы, оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын енгізу, резидентурада білім беру бағдарламаларының экспорты 19-ға дейін кеңейтілді, фарминдустрия үшін мамандарды оқыту, қос дипломды білім алу мүмкіндігі және т.б.
Білім беру және ғылыми процестерде, практикалық денсаулық сақтауда халықаралық ынтымақтастық қарқынды дами бермек. Университеттің ағылшын тіліндегі «West Kazakhstan Medical Journal» атты алғашқы журналының жарыққа шығуы халықаралық медициналық қоғамдастықпен тығыз ықпалдасудың маңызды стратегиялық қадамы болды.
Университетте, университеттік және клиникалық базаларда білім алуға ыңғайлы және қауіпсіздік жағдайлар бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Жабдықтар және жиһаздармен жарақтандырылып, тестілеу орталығы толығымен жаңғыртылды. Студенттер мен оқытушылар үшін Коворкинг-орталығы ашылып, студенттік жатақханалардың жағдайлары жақсарды.
Университет клиникаларында тәжірибелік, диагностикалық, емдеу мен оңалтуда бірқатар жаңа қызмет бағыттары енгізілді. РНС сарапшыларымен бірлесіп, отбасылық медицина клиникасының базасында Үздік тәжірибелер орталығын құруға арналған дайындық жұмыстарына жол ашылды.
Абаттандыру бойынша жалпы қалалық іс-шараларға белсенді қатысып, Жасыл оазис — университет Аллеясы ашылды. Әрине, алда әлі көптеген бірлескен жоспарлар мен міндеттер тұр.
Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, амандық, бақыт, сәттіліктер мен мерекелік көңіл-күй тілеймін!
Жаңа 2024 жыл құтты болсын!
Әсет Қалиев,
«Марат Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ
Басқарма төрағасы-Ректор