Қызылорда қаласындағы кәсіптік бағдар
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті О.Алиев, радиология кафедрасының доценті м.а А.Елубаева кәсіби бағдар беру мақсатында Қызылорда қаласындағы қала мектептері мен медициналық колледждеріне барды.
Университет өкілдері облыс орталығының 15 қала мектебі, 3 медициналық колледжінде болып, бітіруші сынып оқушылары және колледж түлектерімен кездесті. Кездесуде университет, тарихы, онда оқыған және жұмыс істеген атақты тұлғалар, білім беру бағдарламалары, университет жетістіктері туралы, ҰБТ жаңалықтары және тағы басқалар туралы айтылды. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойды.
Медициналық колледж түлектері негізінен колледжден кейінгі қысқартылған оқыту мәселелеріне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, оқушылар жатақханада тұру, академиялық ұтқырлық, психометриялық тестілеу және т. б. мәселелерге қызығушылық танытты.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қолдау көрсеткен Қызылорда қалалық білім бөлімінің өкілдеріне алғысымызды білдіреміз