Орал қаласындағы кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары А.Дуанбеков, Б.Бақытұлы кәсіби бағдар беру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы қала мектептері мен медициналық колледждеріне барды. Университет өкілдері облыс орталығының 22 қала мектебінде және 2 медициналық колледжінде болып, бітіруші сынып оқушылары және колледж түлектерімен кездесті.

Кездесуде университет, тарихы, онда оқыған және жұмыс істеген атақты адамдар, білім беру бағдарламалары, университет жетістіктері, ҰБТ жаңалықтары және т.б. туралы айтылды. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Медициналық колледж түлектерімен кездесуде негізінен колледжден кейінгі қысқартылған оқыту туралы сауалдарын қойды. Сондай-ақ, оқушылар жатақханада тұру, академиялық ұтқырлық, психометриялық тестілеу және т.б. мәселелерге қызығушылық танытты.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсеткен қалалық білім бөлімінің өкілдеріне алғысымызды білдіреміз!