Депутаттар университет ұжымымен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева мен ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Асқар Садықов Марат университет ұжымымен кездесті.
Университет ректоры Әсет Қалиев халық қалаулыларын тарихы тағылымды оқу орнының тыныс-тіршілігі, профессор-оқытушылар құрамымен таныстырып, оқу-тәрбие процесінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де жан-жақты тоқталып өтті. Сондай-ақ, оқу орнына арнайы келген депутаттарға ұжым атынан алғысын білдірді.
Өз кезегінде депутаттар Мәжіліс тарапынан атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды тілге тиек етіп, бірқатар мәселелер жайында ойларымен бөлісті және университет оқытушыларының сауалдарына тұшымды жауап берді.
Кездесуден соң Мәжіліс депутаттары университет музейі, коворкинг және тест орталықтары мен морфологиялық лабораториясында болып, жұмыстарымен танысты.