Практикалық сурдологияның өзекті мәселелері
Оториноларингология, офтальмология кафедрасы білім беру бағдарламасы аясында «Практикалық сурдологияның өзекті мәселелері» тақырыбында шеберлік-сабағын өткізді. Оған ҚР ДСМ бас штаттан тыс сурдологы Р.Суатбаева және жоғары санатты дәрігер, Ресей аудиологтар мен сурдологтар қоғамының мүшесі Л.Торопчина қатысты.
Шараның мақсаты — сурдология мәселелерін, самай сүйегі компьютерлі томографиясын талқылау, болашақ дәрігерлерді даярлау сапасын арттыру, жоғары білімнің практикалық денсаулық сақтаумен ынтымақтастығын жақсарту.
Сурдология мәселелері Қазақстандағы ересектер мен балалар арасында кең тараған естімеушілік мәселелері өте өзекті және бірқатар шараларды талап етеді. Мамандар даярлаудан бастап, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, естуі төмен науқастарды диагностикалап есепке алу, реабилитация жұмыстарын жүргізу.
Шеберлік сабағында ішкі құлақ аурулары кезіндегі сүйек-ауа аралығы бар тональды аудиометрия, самай сүйектерінің компьютерлі томографиясы, тимпанограммалар және олармен байланысты есту бұзылыстары, дәрігер сурдолог пен оториноларингологтың тәжірибесіндегі өрескел бет ерекшеліктерімен көрінетін аурулар туралы айтылды.
Шеберлік сабағына резидент дәрігерлер, Ақтөбе, Орал, Ақтау, Атырау қалаларының оториноларингологтары мен сурдологтары қатысты.
Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.