Жаңа журнал шығады
Коворкинг орталығында редакциялық ұжым мүшелерінің қатысуымен «Ғылым альянсы» атты жаңа университет журналын дамыту жөнінде жиын өтті. Кездесуге cтратегиялық даму, ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректоры Г.Журабекова қатысты.
Ғылыми редакторы Г.Дільмағамбетова журналды дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасады. Редакциялық ұжымы журналды дамытудың алдағы жоспарын талқылады.
«Ғылым альянсы” — медицина, медициналық білім, жаратылыстану, гуманитарлық, биотехнология және медициналық мамандықтар саласындағы мамандардың ғылым мен тәжірибе саласындағы жетістіктері туралы ақпараттандыратын жаңа ғылыми-тәжірибелік журнал.
Журнал шығару туралы бастаманы проректор Г.Журабекова көтерді. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады. Бірінші саны осы жылдың ақпан айында жарық көреді.
Журналдың басты мақсаты — Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдар тізіміне ену.