Семинарлар цикліне қатысты
2023-2024 оқу жылында Гази университетінде (Түркия) «Life Sciences Applications and Research Center’ s Seminars» семинарлар циклі өтуде. Онлайн фарматында өтіп жатқан семинарға қатысуға неврология кафедрасы арнайы шақырылды.
Неврология кафедрасының доценті, PhD А.Хамидулла онлайн форматта «Biomarkers of multiple sclerosis activity» тақырыбында баяндама жасады. Гази университетінің профессорлары Dr. Burcu Ertit Tastan және Dr. Orhan Canbolat модератор болды. Талқылауға Гази университетінің білім алушылары мен университетіміздің ересектер, балалар неврологиясы мамандығының резиденттері қатысты.
Семинар соңында ұйымдастырушылар университетіміздің басшылығына алғыстарын білдіріп, одан әрі ынтымақтастық туралы ұсыныс жасады.