Университет докторанты «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды

1-курс докторанты Фариза Әбішова ҚР Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының конкурсына қатысып, «Білім мен ғылым» бағыты «Қауіпсіз босану — бақытты отбасы» жобасы бойынша жеңімпаз атанды. Оның зерттеуі жүктілік және босану кезіндегі алдын алу және қауіпсіздік техникасын, соның ішінде болашақ ата-ананы босануға дайындаудың тиімді әдістерін үйрету және ықтимал сценарийлер мен босану әдістерін таңдау туралы білім беруге бағытталған.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын Мемлекет басшысы 2021 жылы елімізде белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын құруға бағытталған жаңа және бұрыннан бар бастамаларды қолдау мақсатында белгіледі. Байқауға қатысу үшін облыс жастары түрлі бағыттар бойынша 136 жоба ұсынған. Комиссия мүшелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың 300 мың теңге грантын иеленген 30 жеңімпазды ерекше атап өтіп, әрбір жобаның әлеуметтік маңыздылығы мен бірегейлігіне баға берді.

Университетіміздің түлегі бакалаврдан докторантқа дейінгі білім эволюциясынан өтті. Бакалавриат пен интернатураны сәтті аяқтаған Фариза Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік білім гранты «Акушерлік және гинекология» бағыты бойынша резидентураны тәмәмдады. Резидентураны аяқтаған соң еңбек жолын Хромтау аудандық ауруханасында, одан кейін облыстық перинаталдық орталықтың жүкті әйелдер патологиясы бөлімінде жалғастырды. Биылғы оқу жылында Фариза медицина мамандығы бойынша докторантураға түсті.

Фариза Мұратқызын құттықтап, ғылыми жұмысына жеміс тілейміз!