Онкологиялық оңалту бөлімшесі ашылды
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің медициналық орталығында 20 төсектік онкореабилитация бөлімшесі ашылды. Ашылу салтанатына Марат Оспанов атындағы БҚМУ басқарма төрағасы-ректор А.Қалиев, «Samruk-Kazyna» АҚ басқарма төрағасы Н.Жақыпов, медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау құрылымдарының басшылары, медицина қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.
Қатысушыларға құрылған бөлімше мен орнатылған жабдықтар туралы бейне шолу ұсынылды. Университет ректоры А.Қалиев өзінің құттықтауында әлеуметтік маңызы бар және әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде біздің елімізде өлім мен сырқаттанушылықтың негізгі себептерінің бірі болып табылатын қатерлі ісіктер проблемасына тоқталды. Құрылған онкологиялық оңалту бөлімшесі — онкология орталығының құрылымына кіретін Қазақстандағы жалғыз бөлімше. Аталған бөлімше жаңа керуеттер және қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілген.
Онкологиялық оңалтудың негізгі мақсаты — науқастың физикалық, психологиялық, эмоционалдық жағдайын және әлеуметтік өмір сүру сапасын арттыру. А.Қалиев «Samruk-Kazyna» АҚ басқарма төрағасы Н.Жақыповқа бекітілген стандарттарға негізделген онкологиялық оңалту курстарын өткізу кезінде кешенді пайдалану цикліне сәйкес келетін заманауи жабдықтарды сатып алуға қаржылай қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғысын білдірді. Онкологиялық науқастарды оңалту емделуге дейін басталып, ем алу кезінде де жалғасып және өмір бойы науқаспен бірге жүруі керек.
Сатып алынған жабдық өзінің бірегейлігімен таң қалдырады. Мысалы, гидравликалық лифті бар сулы-батыру автоматтандырылған «Медсим» кешені — операция алдындағы кезеңнен бастап мазасыздық пен депрессиялық жағдайды жеңілдету үшін және операциядан кейінгі кезеңде ісіктерді жою және орталық нерв жүйесі мен омыртқадағы химиотерапияның салдарын емдеу үшін, ағзаның әртүрлі жүйелерінің бейімделу және компенсаторлық механизмдерін өзгерту арқылы ынталандыру үшін қолданылатын гравитациялық орта.
Huber 360 MD жүйке-бұлшықет диагностикасы және оңалту аппараты — ми мен омыртқа ісіктерін хирургиялық алып тастағаннан кейін тірек-қимыл аппаратының ауырсынуын емдеуге арналған инвазивті емес жаңа шешім.
Іштің, жамбас және несеп-жыныс жүйесінің ісіктерін алып тастағаннан кейін жамбас қабатының жүйке-бұлшықет аппаратын және жамбас мүшелерін магниттік ынталандыруға арналған «Авантрон» жамбас мүшелерін экстракорпоральды магнитостимуляциялау аппараты және басқа да көптеген аспаптар мен жабдықтар.
Сонымен, Ақтөбе облысының және бүкіл Батыс өңірінің халқы үшін өмір сүру сапасы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттырып, барлық кезеңдерде ауруды диагностикалаудан бастап, емдеу кезінде және өмір бойы аяқталғаннан кейінгі оңалту іс-шаралар кешені қолжетімді.