Жеңістеріңізбен, «Авиценна» командасы!

«Авиценна» медициналық құрама командасы үшін шағын футболдан «QҮZMET CUP» республикалық турнирінің аяқталу күні қарқынды болды. 1/4 финалда Астана қаласы «Қалқан» ҰҚК құрама командасымен матч «Авиценна» құрамасының жеңісімен және жартылай финалға шығумен аяқталды.

Бұдан әрі Ақтөбе облысы әкімдігінің құрама командасымен 1/2 финалда спорттық жарыс өтіп, матчтың сәтті аяқталуы финалға шығуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде финалдық жекпе-жекте ІІМ құрама командасымен кездесіп, есеп 1:1 құрады, бірақ пинальти сериясы жеңімпазды анықтады. Яғни «Авиценна» командасы 5:4 есебімен жеңіске жетті.

Төрешілер командасының ұйғаруымен резидент-дәрігер Нұртуған Абрей «Үздік шабуылшы», ал резидент-дәрігер Ұлан Асылхан «Үздік қақпашы» атанды.

Міне, тағы да «Авиценна» медициналық құрама командасы республикалық турнирдің жеңімпазы атанды. Біздің чемпиондарымызға «QҮZMET CUP» республикалық турнир Кубогы мен Құрмет грамоталары табысталды.

Айта кетерлігі, турнирге өз аймақтарындағы түрлі қызмет салалары құрама командаларының жеңімпаздары қатысты.

«Авиценна» медициналық құрама командасы турнирдің барлық кезеңдерінде лайықты да тартысты ойын өрнегін мен салауатты өмір салтын ұстанудың және тұрақты физикалық белсенділіктің маңыздылығын көрсетті.

«Авиценна» — медицина қызметкерлері арасында республика чемпиондары ғана емес «Авиценна» — барлық салалар арасында республика чемпиондары.

«Авиценна» — медицина қызметкерлері арасында республиканың бірнеше дүркін чемпиондары, медицина қызметкерлері арасында РФ чемпиондары, барлық салалар арасында облыс чемпиондары. Енді барлық салалар бойынша республика чемпиондары.

Медицина қызметкерлері арасында халықаралық турнирлердің чемпиондары.

Чемпиондар, Сіздерді мақтан тұтамыз! Кәсіби және спорттық жетістіктер тілейміз!