Ашық есік күні
Университеттің Медициналық орталығында онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті. Бұл күні 104 адам түрлі онкологиялық бағыттағы мамандардың, яғни онкомаммологтардың, онкогинекологтардың, лор – онкологтардың, онкохирургтардың тексеруінен өтті. Сондай-ақ, көрсеткіштер бойынша компьютерлік томография мен ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілді. Әрине, бұл онкологиялық ауруларды уақытылы анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған шара қоғамның қатерлі ісік ауруын ерте диагностикалау және алдын алу туралы хабардар болуының маңыздылығына назар аударады.
2023 жылы Ақтөбе облысында қатерлі ісіктердің 1890 жағдайы тіркелді. Оның 23% бастапқы сатысында. Бұл белсенді анықтау мен скринингтік бағдарламалардың арқасында ерте диагностиканың жақсаруы болып табылады. Өткен жылы онкологияға қарсы күрес бағытында өңірде үш онкоскрининг жүргізілді. Бұл аурулардың 50% ерте сатысында анықтауға мүмкіндік берді.
Бұл іс-шараның медициналық қоғамдастық пен жұртшылықтың қатерлі ісікке қарсы күрестегі бірлескен күш-жігерінің қажеттілігі және қатерлі ісікті емдеу үшін ерте диагностикалауға маңызы зор.