«ЖАСSTAR» би ансамблі екі бірдей 1-орынды иеленді

10-11 ақпан күндері Батыс Қазақстан облысы Би спорты федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Орал қаласында хореографиялық ұжымдардың арасында ашық аймақтық «Танцы без границ» атты чемпионат өтті.

Аталмыш байқауда университеттің халықтық ұжым «ЖасStar» би ансамблі жүлделі екі бірдей 1-орынды иеленіп, университет мерейін үстем етті.

1 орын халық биі «Сылқылдақ». 1 орын халық биінің стилизациясы «Дәуір сыры». Ал ансамбль жетекшісі Гаухар Сейтжанова БҚО Би спорты федерациясы би мәдениеті мен спорттты дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Фестиваль аясында Ресей Федерациясының Новокуйбышевск қаласынынан арнайы шақыртылған жетекші мамандарының черлидинг және батон твирлинг бойынша шеберлік сабығы өткен болатың. Сол шеберлік сабығындағы семинар бағдарламасын сәтті аяқтағаны және пәннің элементтерін меңгергені үшін халықтық ұжым «ЖасStar» би ансамблінің ұжымы және ансамбль жетекшісі Гаухар Сейтжанова ресейлік черлидинг және черлидинг одағының 2-санатты жаттықтырушы Татьяна Атаманова Сертификаттар табыстады.

Ансамбльге шығармашылық табыстар мен жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз!