Девиантты мінез-құлық
16.02.2024 ж морфологиялық корпуста қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Б.А. Молдин және психология кафедрасының аға оқытушысы Г.С. Жұмалиевамен «Девианттық мінез-құлық пен таным процестердің дамуына қоршаған ортаның әсері» тақырыбында инетграцияланған дәріс оқылды. Сабақтың мақсаты: «Жағымсыз девиантты мінез-құлық» ұғымын, оның көріністерін, әлеуметтік-психологиялық зардаптарын алкоголизм, нашақорлық, ойынға тәуелділік, сыбайлас жемқорлық және суицид мысалында меңгерту болды.
«Девиантты мінез-құлық» түсінігінің мәні ашылды, студенттер девиантты мінез-құлықтың түрлері мен топтарын, сондай-ақ теріс девиантты мінез-құлықтың себептері мен салдарын анықтауды және девиантты мінез-құлықтың психологиялық аспектілерін талдауды үйренді. Интеграцияланған дәріс білім алушылардың нақты өмірлік жағдайларды талдау және өздерінің әлеуметтік рөлдері аясында мінез-құлықтың адекватты үлгісін таңдау қабілетін дамытуға ықпал етті. Студенттер университетімізде сыбайлас жемқорлықтың бар-жоғын анықтау мақсатында жүргізілген анонимді сауалнаманың нәтижелерімен таныстырылды. Сондай-ақ университетіміздің жатақханасындағы студенттердің келеңсіз әрекеттерінің сандық көрсеткіштерімен танысты. Студенттерге академиялық саясат, академиялық адалдық саясаты, білім алушылардың ішкі тәртіп ережелері, білім алушылардың ар-намыс және мінез-құлық кодексі сияқты ішкі нормативтік құжаттар ұсынылды.
Интеграцияланған дәріске университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Абенова Н.А., оқу жұмысы Департаментінің жетекшісі Алекенова Н.У., Академиялық сапа жөніндегі кеңес мүшесі Түсіпқалиева К.Ш., кафедра меңгерушісі Миралеева А.И. және қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен психология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.