Ана тілі-халықтың жаны
21.02.2024 жылы №2 ішкі аурулар кафедрасының ассистенті Аралбаева Лиза Советқызының жетекшілігімен 633-634 топ интерндері Халықаралық ана тілі құрметіне «Ана тілі – халықтың жаны» атты іс-шараны ұйымдастырып, өткізді.
Мереке 1999 жылы 17 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында жарияланып, 2000 жылдан бері тойланып келеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені дәл осы күні 1951 жылы Даккада (Бангладеш) студенттер өздерінің ана тілін бенгал тілін қорғау үшін демонстрацияға шығып, оны елдің мемлекеттік тілдерінің бірі ретінде тануды талап етті, осы әрекеттері үшін оларды полиция атып тастады. Сонымен қатар, статистикаға сәйкес, әлемдегі шамамен 6 мың тілдің жартысы жақын арада соңғы өз ана тілінде сөйлейтіндерден айырылуы мүмкін, бұл қазіргі әлемде біз көріп отырған нәрсе.
Қазақ қоғам және саяси қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай “Тіл-адамның адамгершілігінің ең күшті, ерекше белгісі, оның ерекше қаруы!”. Қазақ тілі-еліміздің тұрғындары үшін ғана қарым-қатынас тілі емес. Қазақ тілінде бізбен шектес елдердің: Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясының тұрғындары сөйлейді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Одан әрі интерндер Смағұлова Мөлдір және Түгелбаева Динара ана тіліне арналған өлең жолдарын оқыды, 633 топтың интерні Нағым Жігер “Ерке сылқым” күйін орындады. Қатысушыларға қазақ тілі туралы қызықты деректер, көптілді полиглот-ғалымдар туралы бейнероликтер және адамзат тарихындағы тіл туралы басқа да қызықты деректер ұсынылды. Іс-шара барысында мақал-мәтелдер байқауы өткізілді. Кеш соңында 633-634 топтың біріккен хоры “Жаса қазағым”әнін орындады.