Кафедра күні
Туберкулез апатының медициналық, әлеуметтік және экономикалық салдары туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін ДДҰ инфекция туралы халықтың хабардар болуын арттыруға және туберкулездің жаһандық ауыртпалығын төмендету бойынша күш-жігерді күшейтуге шақырады.
Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Осы датаға орай өткізіліп жатқан туберкулезге қарсы күрес айлығы аясында 2024 жылдың 29 ақпанында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасының күніне арналған конференция өтті.
Мақсаты: кафедра тарихымен таныстыру, сонымен қатар білім алушылардың туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша білімдері мен дағдыларын арттыру.
Конференцияға Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, Ақтөбе облыстық фтизиопульмонологиялық диспансерінің қызметкерлері, облыстағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының фтизиатрлары қатысты. Интерн-дәрігерлер фтизиатриядағы өзекті мәселелер бойынша презентациялар дайындап, викторина өткізілді.
Конференция соңында байқаудың қорытындысы шығарылып, үздік интерндер командасы сыйлықтармен марапатталды. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің фтизиатрия және дерматовенерология кафедрасы Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығының ұжымына іс-шараны өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.