Адал азамат

Алғыс айту күніне орай медициналық және биологиялық химия кафедрасы іс-шара өткізді. Бұл болашақ мамандарды даярлауда аянбай еңбек еткен, өмірінің елу жылына жуық медицина саласының дамуына үлес қосқан кафедраның ардагер-ұстазы, профессор С.Ділмағамбетов пен аға оқытушы А.Баймановаға арналды.

Шараға ұлағатты ұстаздардың ең алғашқы кураторлық топтарының старосталары мен шәкірттері — қалыпты және топографиялық анатомия мен оперативті хирургия кафедрасының оқытушысы М.Уртанбаев, әлеуметтік медицина қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының жетекшісі А.Уразбагамбетов, медицина және педиатрия факультеттерінің деканы Т.Абилов, №1 ішкі аурулар кафедрасының жетекшісі Е.Базаргалиев, стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау факультеттері деканының орынбасары М.Жайлыбаев қатысты.

Кафедра жетекшісі Ж.Гумарова ұлағатты ұстаздардың еңбек жолдарына тоқталып, саналы ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру жолындағы ізгілікті істеріне алғыс айту парызымыз екеніне тоқталды. «Еңбек жолы — өнеге» атты бейнеролик дайындалып көрсетілді.

Шара студенттер мен кеш қонақтары арасында «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» айдарымен сыр-сұхбаттасумен жалғасты.

 Шараға шақырылған шәкірттер тәжірибелі оқытушыдан тәлім-тәрбие алған, ең бақытты шәкірттерміз деп ұлағатты ұстаздарға ризашылық сезімдерін білдірді.

 Кеш мерекелік ән-шашуға ұласты.