Студенттер сайысты
Жалпы гигиена кафедрасында 8 наурыз — Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай оқытушы Венера Рақышеваның ұйымдастыруымен «Келіңдер, дәрігерлер!» атты шара өтті. Бірнеше тапсырмалардан тұратын сайысқа 2 ұл, 2 қыз, 2-курс емдеу ісі тобының 231-237 және әскери медицина тобының 239 студенттерінен құралған 8 команда қатысты.
Қыздар галстук байлауда, ал ер оқушылар картоп қабығын аршудан өз өнерлерін көрсетті. Олар «Өз ойыны» викторинасы мен капитандар сайысында интеллектуалдық қабілеттерін, «Би импровизациясы» сайысында икемділік пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр командаға арналған «Аспаздық шедевр» байқауында қазылар алқасы тағамның дәмін, сыртқы түрін және ұсынылуын бағалады.
Сайыс қорытындысында 1-дәрежелі дипломмен «Орден Афина» командасы, 233-топ, 2-дәрежелі дипломмен «Авиценна» командасы, 234-топ, 3-дәрежелі дипломмен «Хогвартс» командасы, 236-топ марапатталды.
Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды. Шара қызықты да тартымды өтті.