Мәнерлеп оқу байқауы
Тілдер кафедрасында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел туралы» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Оқырмандар байқауы барлық мамандықтардың 1-курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Мақсаты — көркем сөзге деген қызығушылықты қалыптастыру, өлеңдерді мәнерлеп жаңғырту дағдыларын дамыту, көрермендердің алдында сенімді ұстану дағдыларын дамыту, сондай-ақ әйелдің отбасы мен қоғамдағы маңызды рөлін көрсету. Ұйымдастырушылар — орыс тілі пәнінің оқытушылары.
Байқау шарттары бойынша студенттер әйелдер, ана туралы поэтикалық шығармаларды, сондай-ақ ұсынылған тақырыпта авторлық шығармаларды жатқа орындады. Қатысушылар тақырыпты ашуға өзіндік көзқарасын, мәтіннің бейнелі жүйесі мен семантикалық құрылымына ену тереңдігін, орындаушылық шеберлігін көрсетті. Байқауға барлығы 36 студент қатысты.
Қазылар алқасының құрамы ең үздік қатысушыларды бағалап, таңдады. Оның құрамында аға оқытушылар, магистрлер Мәншүк Байтақова, Лиза Молдашева, оқытушы, магистр Аралбай Айгүл болды. Мәтінді білу және түсіну, сөйлеудің мәнерлілігі, әртістік, көрерменмен байланыс критерийлеріне сәйкес бағаланды.
Жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша анықталып, студенттер үздік деп танылды. 1-орынды Алтынай Әділ, 101 педиатрия, 2-орынды Нұрсәуле Бақтығалиева, 119 М, Дидар Бірманов, 134 М, 3-орынды Назира Төлеп, 104 педиатрия, Гаухар Елубаева, 105 М, «Үздік авторлық өлең» номинациясы бойынша 1-орынды Оксана Пирнепесова, 107 педиатрия, 2-орынды Дильназ Әкімова, 140 М, 3-орынды Асылай Айтжанова, 101 М, «Сахналық мәдениеті» номинациясы бойынша Сұлтанбек Қабдиманап, 106 М, «Көрермендер көзайымы» Еламан Серік, 137 М, «Үздік әртістік қабілеті үшін» Гүлсезім Қайралы, 104 педиатрия.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.