Науқастарды құттықтады
8 наурыз — Халықаралық Әйелдер күніне орай радиология кафедрасының ұйымдастыруымен сәулелік терапия бөлімшесі науқастарына арналған «Аналар — әлем тұтқасы» атты кеш өтті. Мерекелік шараға 3-курс студенттері атсалысты. Кеш барысында ұйымдастырушылар нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.
Студенттер домбыра, қобыз аспаптарында күй тартып, ән шырқап, көптің ыстық ықыласына бөленді. Мың бұрала би билеген қыздардың өнері кештің көркін келтіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мереке иелері ана мен баланың шынайы сезімі туралы шағын көріністі де тамашалады. Әйелдер қауымына арналып ән шырқалып, вальс орындалды.
Кеш соңында студенттер науқастарға гүл шоқтарын табыстап, құрмет көрсетті.