Өмірлік құндылықтар
Білім және ғылым министрлігінің «Батыс Қазақстанда оқитын жастардың әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерін бағалау» жобасы аясында психология кафедрасының жетекшісі Алуа Миралеева және аталған кафедраның аға оқытушысы Гүлмира Жұмалиева Ақтау қаласы Ш.Есенов атындағы КТИУ университетіне іссапармен барды.
А.Миралеева педагогика факультетінің студенттері мен профессор-оқытушыларқұрамына «Менің өмірлік құндылықтарым» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты — адам өзінің өмірлік ұстанымында құндылық мәнін терең түсіну арқылы өз бойларында сананы қалыптастыру. Студенттер құндылық ұғымымен таныса отырып, ойын жаттығулары арқылы студенттерде тұлғалық өмірлік көзқарастарды маңызды құрамдас бөлігі ретінде қалыптастырады.
Г.Жұмалиева студенттерге және профессор-оқытушылар құрамына «Дін және мораль. Жоғары мектеп білім алушыларының арасындағы діни құндылықтар» тақырыбында семинар өткізді. Мақсаты — терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл және оның алдын алу мәселелері бойынша зайырлы сананы, азаматтық ұстанымды қалыптастырып, мемлекеттің зайырлық қағидаттарын түсіндіру және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ студенттер арасында діни сауаттылықты арттыру.