Бос орындар жәрмеңкесі
2024 жылғы түлектерді алдын ала бөлу және одан әрі жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 14-15 наурыз күндері дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Аққағаз Досжанова атындағы конференц холлда бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлектерінің Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары медициналық ұйымдарының басшылары, жеке медициналық мекемелердің өкілдерімен кезекті кездесулері өтті. Деканаттармен бірлескен кездесулерді кәсіби өсу орталығы ұйымдастырды.
Шараны клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор Н.Мусин ашты. Болашақ жас мамандар мемлекеттік гранттарды міндетті еңбекпен өтеу, өтеуден босату ережелерімен, өңірлердегі түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен танысты.
Түлектердің алдында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б.Түлкібаева, Маңғыстау облысының ДСБ өкілі М.Тоқанов, Қызылорда облысының ДСБ персоналды басқару бөлімінің басшысы З.Сарыбаева, Солтүстік Қазақстан облысының ДСБ өкілі К.Исахов, «Евразия» МО, «Жемчужина Стомед» МО өкілдері, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының қалалық, аудандық емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері мен басшылары сөз сөйледі. Университеттің 2023 жылғы түлегі, қазіргі кезде Қостанай облысы, Сарыкөл аудандық ауруханасында ЖТД дәрігерлік қызметі туралы айтып берді.
Презентациялардан кейін кездесу еркін форматта жалғасып, әр түлек жұмыс берушілермен болашақ жұмысқа орналасу шарттарын жеке талқылауға мүмкіндік алды.
Жұмыс берушілер шараның жоғары деңгейде өткенін айытып, университет әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
Бос орындар жәрмеңкесі достық жағдайда, нәтижелі өтті.