Шаңғы жарысынан университет біріншілігі

«Жастар Арена» спорт кешенінің шаңғы стадионында «Шаңғы жолы шақыруда» студенттер арасында шаңғы жарысы өтті. Жарыс ерлер мен әйелдер арасында бөлек эстафета түрінде өтті. Командалар түрлі курстардағы және дайындық деңгейі әртүрлі студенттерден жеребе тарту арқылы құрылды.

Жарысқа 6 ерлер командасы және 5 әйелдер командасы қатысып, барлығы 44 адам бақ сынады. Қатысушыларды құттықтаған дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі м.а. Б.Қолдасбаева қатысушыларға сәттілік тіледі. Ер балалар эстафетаның әр кезеңінде еркін қозғалыста 2 шақырым, қыздар 1 шақырым қашықтықты бағындырды.

Ерлер арасындағы эстафеталық сайыста стоматология факультетінің 305-топ өкілі Нұрсұлтан Хамзиев, Нұрбақыт Сайлыбек, Санжар Әлімжан, Ерасыл Андировтан құралған командалар бірінші, екінші орынды Диас Савитов, Дәурен Сабенов, Жандос Исказиев және Азизхусейн Ордухан құраған команда, үшінші орынды Илья Деркач, Байзақ Данияров, Азамат Әмитов және Мақсым Даниал жеңіп алды.

Қыздар арасында Арайлым Ғаниқызы, Жасмин Ахметова мен Аида Медведева, Жанель Шабхат бірінші, екінші орынды Наталья Колосова, Камилла Омарова, Аякөз Әбдіғалиева және Қалабай Нұрай, үшінші орында Виолетта Князева, Дильназ Иралина, Диана Сейітжан, Ангелина Новик иеленді.

Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Б.Қолдасбаева жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлықтар, Мақтау қағаздары мен медальдарын табыс етті.