ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАР!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз — ежелден келе жатқан жыл бастауы, рухани жаңару мерекесі. Тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз — қай кезде де елдіктің, ырыс пен ынтымақтың, береке-бірлік және молшылықтың мерекесі.

Егеменді елімізді мекен еткен ұлыстардың өздеріне тән айшықтары мен өрнегі баршамызға ортақ осы мерекенің сәні мен салтанаты. Наурызды тек көңіл көтеретін мереке деп қарамай, оның рухани болмысына терең үңілу керек.

Дана халқымызда: «Ескі жыл есіркесін, Жаңа жыл жарылқасын!» деген жақсы сөз бар. Ұлтымыздың ұлылығын, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді паш ететін Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Елімізге, әрбір отбасына амандық, құт-береке, ырыс пен молшылық, жақсылықтар әкелсін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Игі тілекпен,

Әсет ҚАЛИЕВ,

Басқарма Төрағасы-Ректор.