Тәртіпке бағынған, құл болмас
Құрметті студенттер!
Университетіміздегі болашақ дәрігерлер мен медицина мамандары тек білім және дағдыларға ғана емес сонымен қатар тәлім-тәрбие, кәсібилік секілді құнды адамгершілік қасиеттерге де молынан ие.
Біз кездесулерде тәжірибеде жиі кездесетін мәселелерді талқылаған болатынбыз. Онда ішкі тәртіп ережелері мен телефон алаяқтарынан сақтану, жастар арасындағы есірткі тәуелділігінен — құмар ойындардан және басқа да кездейсоқ жағымсыз жағдайлардан қалай аулақ болу керектігін жалпылай түсіндіреміз. Бірақ уақыт өте келе біраз ыңғайсыз жағдайларға тап болып жатырмыз.
Студенттік сәт — өте қарқынды екенін түсінеміз, алайда жеке мүліктерді жоғалту немесе ұрлау ол: сыртқы киімдер, жеке банктік карталар, ұялы телефондар мен әмияндар, тіпті кітаптарды жоғалту фактісі орын алды. Телефон арқылы бопсалау фактілері де тіркелді.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында Академиялық адалдық кодексіне сәйкес, университеттен шығару түріндегі тәртіптік жазаға әкеп соғатын жалған құжаттарды (анықтамалар, еңбекке жарамсыздық парақтары және басқа да құжаттар) ұсыну фактілері жиілеп кетті.
Естеріңізде болсын, жеке меншік әрбір азаматтың қол сұғылмайтын құқығы болып табылады және бұл құқықты бұзуға жол берілмейді. Кез келген құқық бұзушылық заң бойынша жазаға тартылады және кінәлілер үшін де олардың айналасындағылар үшін де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Отан қорғаған қазақтың қаһарман, нар тұлғалы ұлдарының бірі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бағынған, құл болмас» деген нақыл сөзі бар. Бауыржан атамыздың бейнесі — біле білгенге тәртіп пен ұлы тәрбие арқасы. Сіздің бейнеңіз әрқашан даңқты дәрігерлік мансапқа сай болатынына сенімдіміз.
Оқу барысында тек жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!