Құрметті студенттер!
Университетте оқудан тыс көптеген студенттік ұйымдардың барын еске саламыз. Әр студент жоғары оқу орнына түскеннен кейін өзін жан-жақты дамыту үшін өзі қызығушылық танытатын сүйікті ісімен айналысу керек. Ұйымдардың жұмысы студенттердің ой-өрісін жан-жақты дамытып, көзқарасын кеңейтеді, «білсем екен» деген құштарлығын арттырады. Әлеуетіңізді ашып, жаңа достар табу және университет өміріне үлес қосу үшін біздің клубтарымыз бен ұйымдарымыздың қатарына қосылыңыз!
Егер сіз өзіңізге лайықты клуб таппасаңыз, сіз әрқашан өз клубыңызды аша аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін №5 Студенттер жатақханасы, 2-блок, 109-бөлмеде орналасқан жастар ісі жөніндегі қызметіне хабарласыңыз.
Студенттік ұйымдарға қосылып, университеттегі өміріңізді қызықты өткізіңіз!