Университет волонтерлары көмек көрсетті
Ақтөбе қаласында төтенше жағдайдың жариялауына байланысты «Медик-волонтёр» студенттік ұйымы шұғыл түрде волонтерлық көмек ұйымдастырды. «Медик-волонтёр» ұйымы жиналған заттар мен қаржыға керек заттар алып, «Анаға тағзым» орталығы және облыстық жастар ресурстық орталығына тапсырылды. Сонымен қатар еріктілер төтенше жағдай қызметкерлері мен эвакуацияланған азаматтарға ыстық тамақтар жеткізді.
Қиын сәтте қолдау білдіргені үшін университет әкімшілігіне, оқытушылық-профессорлық құрамына (гистология, психология, медициналық және биологиялық химия, қоғамдық-гуманитарлық пәндер және тілдер кафедралары), студенттік ұйымдар мен барша студенттерге үлкен алғысымызды білдіреміз!