Түлектер жұмыс берушілермен кездесті
Аққағаз Досжанова атындағы конференц холлда 2024 жылғы бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура болашақ түлектерінің Атырау облысының денсаулық сақтау өкілдерімен кездесуі өтті. Шара кәсіби өсу орталығы деканаттармен бірлесіп, түлектерді бөлу және сапалы жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Әбдалиев, медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері, Атырау облысы қалалық және аудандық ауруханаларының директорлары қатысып, сөз сөйледі.
Кездесу барысында болашақ түлектер міндетті жұмыс өтеу, одан босату ережелерімен, өңірлердегі түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен танысты.
Түлектердің жұмыс берушілерімен кездесуі жоғары деңгейде өтті.