Ашық есік күні

Дерматовенеролог күніне арналған Дерматовенерологиялық орталығында «Тері ауруларының алдын алу» атты Ашық есік күні өтті.
Оған фтизиатрия және тері-венерология кафедрасының профессоры, м.ғ.к., доценті, ассистенттері, дәрігер-дерматовенерологтар, дәрігер-резиденттер, студенттер мен науқастар қатысты. Іс-шараның мақсаты — тері ауруларының алдын алу және тері ісіктерінің алғашқы белгілері туралы халықты ақпараттандыру.
Ашық есік күні аясында науқастарға кеңес беріліп, «Псориаз» тақырыбында фтизиатрия және тері-венерология кафедрасының доценті Г.Ізтілеуова және облыстың бас штаттан тыс дерматовенерологы Ж.Балманова, сондай-ақ резидент-дәрігерлер баяндама жасады.