«Оspanov startup school» мектебі іске қосылды
Медицина мен бизнес өзара ұштаса ала ма? Жеке стартап жобаңызды бастауды армандайсыз ба? Бірлескен жобаларды іске асыру арқылы командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қалайсыз ба?
Осы және стартап аясындағы басқа да сұрақтардың шешімін табуға мүмкіндік беру мақсатында ғылыми-зерттеу қызметі менеджмент бөлімінің жетекшілігімен стартап-жобаларды жүзеге асыруға бағытталған «Ospanov StartUp School» мектебі іске қосылып, «Aqtobe IT Hub» орталығында осы ұйымның менеджері Серік Сүндетов өз стартап идеясын бастауға қызығушылық танытқан студенттерге «Customer development» тақырыбында воркшоп өткізді.
Воркшоп барысында Серік Сүндетов өзінің білімі және тәжірибесімен бөлісіп, стартап өнімдерді пайдаланушыларды зерттеу үшін қандай әдістер мен құралдарды қолдану керектігін, алынған деректерді қалай біріктіруге және жақсартуға болатындығы туралы ақпарат берді.
Воркшопқа трекер ретінде жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасының аға оқытушысы, информатика магистрі Дариға Есмұханова қатысты.