Болашақ стоматологтар олимпиадасы

Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасында 4-курс студенттері арасында терапиялық стоматология олимпиадасы өтті. Олимпиада мақсаты — студенттердің шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, жастар арасында ғылыми білімді дамыту.

Олимпиада 4 кезеңнен тұрды.

1-тур топтардың шығармашылық бейне сәлемдесуі.

2-тур әртүрлі бөлімдердің сұрақтарынан тұратын викторина.

3-тур 1 минут ішінде көбірек сұрақтарға жауап беру.

4-тур әр командадан 1 қатысушы шығып, 20 минут ішінде тістің үлгілерін орындау.

Ұйымдастырушылардың шебер қабілеттері мен қатысушылардың дайындығы арқасында білім жарысы жоғары деңгейде өтті.

Олимпиада қорытындысында 1-орынды Stomforse 408-тобы, 2-орынды Dental Universe 403-тобы, 3-орынды Dentoris 406 және KADY 405-топтары иеленді.

Ерекше көзге түскен студенттерге «Үздік теориялық білім», «Үздік тәжірибелік дағды», «Үздік клиникалық ойлау қабілеті» номинациялары табысталды.