Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Тұрақты даму мақсаттарының «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша «АИТВ жұқпасы және ЖИТС ауруы» тақырыбында «Топографиялық анатомия мен оперативтік хирургия» курсына жауапты доцент М.Жайлыбаевтың жетекшілігімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсат — жастар арасында нашақорлықтың, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС-тің және болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретін факторлардың алдын алу. Шараға қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, жалпы медицина факультеттерінің 1-курс студенттері қатысты.
Студенттер АИТВ-ның иммундық жүйені зақымдайтын, адамға өте қауіпті вирустардың бірі екенін, есірткісіз қоғам құру — Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет екенін атап өтті.
Іс-шара барысында АИТВ жұқпасы және ЖИТС ауруының берілу, алдын-алу, қорғану жолдары және облыстағы АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндама жасалды. Студенттерге түсіндірме картасы таратылды.
Студенттер сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.