Жазира «Үздік неонатолог» атанды
«Ospanov science week» ғылым апталығы аясында №1 балалар аурулары неонатологиямен кафедрасында «Үздік неонатолог» байқауы өтті. Неонатолог мамандығы бойынша 2-курс резиденттері арасында ұйымдастырылған байқауға 10 резидент қатысты.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар бірінші кезеңде сұраққа жауап беріп, екінші кезеңде сұрақтармен ситуациялық тапсырма, үшінші кезеңде тәжірибелік дағдылар бойынша сынға түсіп, бақтарын сынады. Байқауға №1 балалар аурулары неонатологиямен кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Жұмалина, резидентура деканының орынбасары Гүлнар Құрманалина, бас неонатолог Толқын Серғазина, Ақтөбе медицина орталығы неонаталдық реанимация бөлімінің резиденті Гүлжанар Ерғалиева, Қарғалы қалалық ауруханасы босану бөлімінің неонатолог-дәрігері Гүлназ Нұрболатова қазылық етті.
Байқау соңында қазылар алқасының төрағасы, кафедра меңгерушісі Ақмарал Жұмалина сайыс қорытындысын жариялап, резидент қатысушыларына алғысын білдірді. Тапсырмалар қорытындысы бойынша резидент Жазира Сейілхан «Үздік неонатолог» атанып, диплом және материалдық ынталандырумен марапатталды. Байқау қатысушыларының барлығына естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.
Жарыс өз мәнінде өтіп, резиденттер білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.