ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
12-13 сәуір күндері Алматы қаласында «Best Western Plus Atakent Park» қонақ үйінде Қазақстанның жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы акушер-гинекологтар мен т.б. мамандық дәрігерлері арасында пәнаралық диалогты қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдік кезеңінің медициналық психологиясы мен медициналық-құқықтық аспектілерінің негізгі мәселелерін шешуге бағытталған «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» атты III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған конференцияда спикер ретінде университеттің Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі Т.Жұмағазин баяндама жасады.
Конференция аясында «Екі қырынан қарау: жастар мен жасөспірімдерге көмек көрсетудің құқықтық аспектілері» секциясында Т.Жұмағазинмен құқықтық мәселелердің кең ауқымы қамтылып, даулы клиникалық жағдайларға жан-жақты талдау жасалды. Бұл өз кезегінде Қазақстан медицина қызметкерлерінің ғылыми және практикалық әлеуетін арттыруға көмектеседі.