Медицина қызметкерлеріне арналған семинар
Алматы қаласындағы №5 қалалық клиникалық емханасының базасында «QazMed» медицина және сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыруымен медицина және фармацевтика қызметкерлеріне медициналық құқық негіздері бойынша семинар өтті. Дәріс оқытушы ретінде университеттің Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі Т.Жұмағазин шақырылды. Семинарға Алматы қаласы медициналық ұйымдарының басшылары, қызметкерлері, заңгерлері, кадр бөлімінің инспекторлары және кәсіподақ өкілдері қатысты.
3 сағаттық сабақ презентациялар, кейстер, заңнамалық актілерге сілтемелер, сұрақ-жауаптар, проблемалық құқықтық жағдайларды қарастыру арқылы келесі тақырыптар бойынша өтті. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық қорғану әдістері мен құралдары, соның ішінде сыртқы қол сұғушылықтан (ұрып-соғу, қорлау, жала жабу, жанжал жағдайлары) және жұмыс берушіден (жарғылық емес қатынастар) қорғану.
Дәрігерлік қателік жағдайында қорғану. Ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қорғау. Жауапкершілікті сақтандыру. Аса қажеттілік. Негізді тәуекел. Қылмыстық процесте қорғану. Басқа құқық бұзушылықтардан қорғану. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің заңды жауапкершілігінің түрлері. Медициналық қате. Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және тәртіптік құқықтық жауапкершіліктері. Медициналық көмек көрсетуге байланысты қылмыстар. Медициналық құпия.