Студенттер сенбілікке шықты
Еліміздің жалынды жастарының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Мақсат — экологиялық мәдениетті қалыптастырып, «Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде Отансүйгіштік, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға деген жанашырлық танытып, құндылықтарын дәріптеу.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза өлке» сенбілігінде №1, №5 жатақхана студенттері де біркісідей ұйымшылдықпен атсалысып, өздері тұрып жатқан жатақханаларының территорияларын күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Тазалық кепілі болып табылатын сенбілік – баршаға ортақ игілікті іс. Ел жастарының бастамасымен қолға алынған экологиялық ауқымды шараға университет студенттері де қалыс қалмай өз үлестерін қосуда. Мұндай тазалық жұмыстарын жүргізу студенттеріміздің назарынан тыс қалған емес.
Сенбілікке шетел студенттері де бір үйдің баласындай атсалысып, жатақхана аумағын жинап, көшеттер отырғызды, – дейді жастар ісі жөніндегі қызметінің жетекшісі Мейрамгүл Жұмағалиева.