50 отбасы университет жатақханасына орналасты
Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік тұрғындарға университеттің №5 жатақханасынан уақытша бөлмелер берілді. Ақтөбе қаласының №16, №47, №71, №40 орта мектептерінде орналасқан эвакуациялық пункттерден барлығы 247 адам жатақханаға көшірілді.
Жатақханаға орналасқан тұрғындарға барлық жағдай жасалды. Атап айтқанда, бір отбасына 3, 5 немесе 8 орындық бөлмелер бар. Сондай-ақ, барлық бөлмелер өз жуыну бөлмесі және қажетті жиһаздармен жабдықталған. Жатақхана қауіпсіздігі күзетшілер, полиция қызметкерлері мен медициналық мамандарының қатаң бақылауында.
Айта кетейік, 50 отбасының 106-сы — балалар. Тұрғындар өздеріне көрсетілген қамқорлықтары үшін ризашылықтарын білдірді.