Электрондық кітапхананың мүмкіндіктері туралы айтылды
Ғылыми-медициналық кітапханасының электрондық оқу залында жалпы медицина факультетінің 5-курс студенттеріне арналған кітапхананың электрондық білім беру ресурстарын, электрондық каталогты пайдалану, кітапхана веб-сайтының құрылымымен танысу және оларды пайдалану мүмкіндіктері туралы практикалық сабақтар өтті.
Практикалық сабақтарды ұйымдастырудағы мақсат — өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, электронды каталогта және кітапхана сайтында құжаттарды іздеу, ресурстар, оның құрылымымен танысу және кітапхана қоры мен ресурстарын толық пайдалану.
Электрондық ресурстарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Эпиграф», «Дәрігер кеңесі» және «Студент кеңесі», «Букап», «IPR books» электронды кітапхана жүйелеріне оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, оқытылатын пәндер бойынша практикалық нұсқаулықтар, «Access medicine» ДБ-на ағылшын тіліндегі оқулықтар, суреттер, медицина туралы аудио және бейне материалдар, «CBS Ebooks», «Jaypee Digital» базасына Үнді баспасының медицина оқулықтары кіреді.