Қызметкерлер «Таза бейсенбіге» шықты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында университетте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті.
Оқу орнының қызметкерлері мен оған қарасты клиникалардың медициналық қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Акцияның барлық қатысушыларына қажетті құрал-жабдықтар берілді.
Айта кетейік, су тасқынынан кейін көшелерді санитарлық тазарту акциясы 8 сәуірде Мемлекет басшысының қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде бастау алып, ол 5 аптаға созылады.
Осы екінші апта «Киелі мекен» деп аталады. Бұдан әрі 20-27 сәуір аралығында «Жасыл аймақ» апталығы, 27 сәуірден 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» апталығы, ал 4-11 мамыр аралығында «Мөлдір бұлақ» апталығы өтеді.