Ардагер тілегі
Қазір облысымызда көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізіліп жатқаны белгілі.
Осыған орай, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде болашақ сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға университеттің МҚҚ және ЖЖБ бас маманы, медицина қызметінің отставкідегі подполковнигі Ғабит Қарасаев қатысып, сөз сөйледі.
«Құрметті ата-аналар! Балаларыңыз Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге әскерге аттанғалы тұр.
Өткенге көз жүгіртсек, Ақтөбе өңірінен 3 жылдық Сайрам соғысына 17 мың сарбаз аттанып, жанын пида етсе, Ұлы Отан соғысында Мәскеу қаласы түбінде болған шайқаста 312-дивизиясы 11 мың жауынгерінің 10 мыңы ерлікпен қаза тапты.
Өздеріңізге белгілі, бұрын Отан алдындағы әскери міндетін атқару мерзімі 5, 3, 2 жыл еді. Ал қазір небарі 1 жыл. Сіздер бақыттысыздар. Отан алдындағы азаматтық міндеттеріңізді абыроймен, аман-есен атқарып келулеріңізге тілектестігімді білдіремін! — деді медицина қызметінің ардагері Ғабит Қарасаев.
Айта кетсек, сарбаздар әскери міндетін атқаруға Шымкент қаласына аттанды.