Директорлар кеңесінің төрағасы, м.ғ.д, профессор Т.Рахыпбековпен кездесу

Медицина студентінің өмірі тек кітаптар, сабақтар, емтихандармен ғана емес сонымен қатар жаңа, интеллектуалды және жаңашылдықты үйренуіне уақыты бар. Осыған орай, 2024 жылдың наурыз айында құрылған «Ospanov Start up School» командасы жаңашыл студенттерді біріктіріп, олардың идеялары адам денсаулығын жақсартуға, науқастарға қолайлы жағдай жасауға, студенттерді оқытуға арналған веб-платформаларды әзірлеуге, табиғатты және оның ресурстарын қорғауға, экологияға және т.б. жүктемені азайтуға жұмыс істейтін болады.

Бүгін Стартап мектебі М.Оспанов атындағы БҚМУ КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, PhD (Жапония), ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ДДҰ сарапшысы Төлебай Рахыпбековпен кездесті. Стартапшылар өз жобаларын таныстырып және тиімді кері байланыс алды. Профессор идеяларға жақсы баға беріп, оларды алға жылжытудың маңызды  ұсыныстарымен бөлісті.

Стартап мектебінің координаторы Гүлназ Шілдебаева «Aktobe hub» трекерлерінің жетекшілігімен бизнес-идеяларды қалыптастыру, оларды кезең-кезеңімен ілгерілету мәселелері бойынша командаларды оқытуды ұйымдастыруды жалғастыруда.