Шеберлік сабағына шақырамыз!

Құрметті кафедралардың ПОҚ, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар, патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасы Сіздерді шеберлік сабағына шақырады!
2024 жылдың 25 сәуірінде «Контекстегі морфология: ғылыми талдаудағы морфологиялық зерттеулердің рөлі» тақырыбында патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасы, педагогикалық шеберлік және дистанционды технологиялары орталығымен бірлесіп «Визитинг-профессор» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылатын шеберлік сабағы өтеді .
Шеберлік сабағын өткізетін: Ставрополь мемлекеттік медицина университеті патологиялық анатомия кафедрасының жетекшісі, м. ғ. д., профессор Сергей Чуков.
Өткізу күні мен уақыты: 25.04.2024 ж., сағ 11:00-12:00.
Өтетін орны: университеттің Ғылыми кеңес залы, бас корпус, 2-қабат (1-корпусқа өту жағынан)
Қатысу құны: 2000 теңге.
Шеберлік сабағына қатысқандарға Сертификаттар беріледі.