«Тілдарын» олимпиадасының жүлдегерлері
Семей медицина университетінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін меңгерген студенттер арасында «Тілдарын» республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Аралас форматта ұйымдастырылған білім бәйгесінне офлайн режимде 33 студент, онлайн режимде 27 студент қатысты. ҚР жоғары оқу орындарының тіл мамандықтарынан басқа мамандықтардың 1-2-курс студенттері қатысты.
Пәндік олимпиадаға С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шәкәрім атындағы Семей қаласының медицина университеті және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері қатысты.
2 кезеңде өтіп, әр кезеңнің тапсырмалары үш тілде орындалды. Білім байқауына университет оқытушылары мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығының мамандары төрелік етті. Біздің университет студенттері онлайн режимде қатысып, жүлделі орындардың барлығын иеленді.
Гран-при Арайлым Сапарбаева (Жетекшісі Г.Алдашева). 1-орынды Аякөз Әбдіғалиева (жетекшісі Ш.Отарғалиева). 2-орынды Аяулым Бақсиық (жетекшісі Г.Алдашева). Диора Розбаева (С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ). 3-орынды Сабина Зейнелова (жетекшісі Л.Молдашева), Нұрсұлтан Махан (Шәкәрім атындағы университеті), Мәдина Мұсахан (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті).
Жеңімпаздар грамоталармен марапатталып, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Студенттерімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта да жетістіктер тілейміз!