Қазақстандағы Денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер туралы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Еліміздің медициналық жұртшылығы үшін енгізілген өзгерістер мен толықтырулар медицина қызметкерлерін қолдау — қоғамдағы кәсіптің маңызды мәртебесі мен беделін тану, лайықты еңбек жағдайларын жасау бөлігінде аса маңызды және айырықша рөлге ие.

Соңғы жылдары, өкінішке орай, медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау, кәсіби қызметін орындауға кедергі жасау жағдайлары жиелеп кетті. Енді бұл заңнамалық актінің жаңа толықтыруларында көрініс тапты. Жаңа заңда жас мамандарды 5 жыл бойы жұмыс істеген жағдайда ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде біржолғы төлемдермен қамтамасыз ету жолымен ауылдық жерлерде кадр тапшылығын төмендетуге айтарлықтай назар аударылғаны қуантады. Бұл жас мамандарға ауылдық жерлерде тапшы мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуды таңдауға жақсы ынталандыру болады. Медицина қызметкерлері үшін тым көп жүктемені болдырмайтын және науқасқа көп көңіл мен уақыт бөлетін, теріс көзқарасты төмендететін ақпаратты, есептілікті жеңілдету және босату маңызды болады.

Мемлекеттің денсаулық сақтау саясатының профилактикалық бағытын ескере отырып, темекі өнімдеріне, вейптерге және олардың қоспаларына сатылымға, жарнамаға тыйым салу бөлігінде маңызды түзетулер қабылданды. Бұл жастардың денсаулығын нығайтуға лайықты үлес қосады.

Өкінішке орай, медицина қызметкерлері сөзбен емес, кәсіби қызметте зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуінің ауыр салдарымен бірнеше рет кездесті. Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» жаңа құрметті атағын енгізу медицина қызметкерлерінің кәсіби еңбегі үшін берілетін лайықты марапат болары сөзсіз.

Осылайша, жаңа Заңдағы барлық өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттің медицина қызметкерлеріне деген қамқорлығының, сондай-ақ өскелең жас ұрпақ пен жастардың денсаулығын нығайтудың көрінісі болады.

 

Әсет Қалиев,

университет ректоры.