2024-2025 оқу жылына докторантураға алдын ала іріктеу

2024 жылдың сәуір айының 1-15 күндері аралығында магистратура, докторантура және постдокторантура Орталығы мәселелік комиссия отырыстарында Марат Оспанов атындағы БҚМУ докторантурасына түсушілерді алдын-ала іріктеуді ұйымдастырды. Үміткерлер жоспарланған ғылыми-зерттеу жұмыстарының презентацияларын, аннотацияларын ұсынды.

Комиссия тыңдалған жұмысты жоспарланған диссертацияның тұсаукесері бойынша бекітілген бағалау парағына сәйкес, төрт балдық шкала және бес критерий бойынша бағалады.

Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға өткізілген алдын-ала іріктеу нәтижелері түсу емтихандарына жіберу немесе жібермеу болып табылады.