Маңызды қолдау

«Қызыл ай» қоғамы “Chevron” компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің қалыпты физиология кафедрасымен бірге су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсетілді.
Осы аптада №5 жатақхананың эвакуациялық пунктерінде орналасқан отбасы гуманитарлық жиын алды. Әрбір жиын азық-түлік өнімдерінен және отбасының әрбір мүшесі үшін қажетті санитарлық-гигиеналық құралдардан тұрады. Қол ұшын берген қызметкерлер мен еріктілерге жедел және сапалы жұмысы үшін алғыс білдіреміз.
Аталған іс-шара ТМД-ның 17 бағыты «Тұрақты даму жөніндегі жаһандық серіктестік шеңберінде іске асыру құралдарын күшейту және жұмысты жандандыру» аясында өтті.