Студенттер соғыссыз әлем үшін
9 мамыр — Жеңіс күніне және «Тұрақты дамудың 17 мақсаты» бағдарламасына орай қалыпты физиология кафедрасы және жастар ісі жөніндегі қызметінің бірлесе ұйымдастыруымен «Соғыссыз әлем» атты акциясы өтті.
Оған медицина, педиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің студенттері қатысты. Мақсат — жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеп, Батырларымыздың жанқиярлық өшпес ерліктері мен Ұлы Жеңіс күнін дәріптеу.
Патриоттық шараға қатысушылар «Ешқашан ештеңе ұмытылмайды» ұранымен қаламыздағы Мәңгілік алау, Батырлар алаңы, Әлия Молдағұлова ескерткіштеріне барып, гүл шоқтарын қойды және қала тұрғындарына Жеңіс лентасын таратты.
Студенттер соғыс зардабын тартқан ардагер аталары жайында естеліктерімен бөлісіп, Жеңіс күні туралы өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады.